Accessibility links

Әуежайдың атқылануы салдарынан Пан Ги Мун Кабулға қона алмады


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және Швеция мен Дания сыртқы істер министрлері мінген ұшақтар Кабул әуежайы зымыранмен атқылануына байланысты ауған астанасына қона алмады.

БҰҰ Бас хатшысымен бір ұшақпен келген Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильд ұшақтың ауған астанасына емес, Баграмдағы америкалық әуежайға барып қонғандығын хабарлады. Бильд бұл туралы өз блогында жазды. Швециялық министр «біздің ұшақ қонуға бет алғанда әуежай зымыранмен атқыланды» деп баяндады. Бұл уақытта Дания сыртқы істер министрінің ұшағы Қазақстанға кері ұшуға мәжбүр болды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі Кабулдағы әуежайға түнде екі зымыран құлағандығын, ешкім зардап шекпегендігін хабарлады.
XS
SM
MD
LG