Accessibility links

Ауғанстан төрт жылдан соң өз қауіпсіздігін өзі қорғамақ


Кабулде Ауғанстан болашағы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушылар 2014 жылы қауіпсіздік саласындағы барлық операцияларға ауған билігі жауапты болады деп келісті.

Форум нәтижесі бойынша қабылданған құжатта конференция Ауғанстан дамуына бөлінген халықаралық қаржының 50 пайызын ауған үкіметіне бөлу туралы ұсынысты қолдады деп жазылған.

Ауғанстан жөніндегі ірі форумға 40-қа жуық елдің сыртқы істер министрлері, 70 шақты халықаралық өкілдер қатысып жатыр. Олардың арасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ-ның қазіргі хатшысы, Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бар.

Бұл соңғы 30 жылда ауған жерінде Ауғанстан мәселесіне қатысты өткізіліп отырған алғашқы ірі жиын.
XS
SM
MD
LG