Accessibility links

Кабардин-Балқарда жарылыс болды, қаза тапқандар бар


Ресейдің Кабардин-Балқар Республикасы аумағындағы Баксан гидроэлектрстанциясында болған жарылыстан екі адам қаза болды.

Республика құқыққорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға орнында екі күзетші қаза тапты. Расталмаған ақпаратқа қарағанда, гидрогенераторлардың бірі өртенген. Электрстанцияның жұмысы тоқтатылды.

Полиция екі жарылысты да терроршылар жүзеге асырған болуы мүмкін деп болжайды.
XS
SM
MD
LG