Accessibility links

Испания пәренжеге тыйым салуға қарсы


Испания парламенті қоғамдық орындарда пәренже немесе ниқаб киюге тыйым салатын заң жобасына қарсы дауыс берді.

Консервативті оппозициялық «Халықтық партиясы» пәренже мен ниқабқа тыйым салуды мұқият зерттеу қажет екендігін сұрап, Испания парламентіне резолюция дайындап ұсынған еді. Партияның резолюциясы қолдау таппай, басым көпшілік дауыспен кері қайтарылды.

Сәуір айында Бельгияның төменгі палатасы қоғамдық орындарда пәренже мен ниқаб киюге тыйым салатын заң жобасын қолдап дауыс берді. Өткен аптада Франция парламенті де тыйым салды. Енді екі ел сенаты бұл заң жобасын алдағы бір-екі айда қарастыратын болады.
XS
SM
MD
LG