Accessibility links

"Баксан ГЭС-ындағы жарылыс - теракттан болған"


Бүгін таңертең Кабардин - Балқардағы Баксан гидроэлектр станциясында болған жарылыстан пайда болған өрт сөндірілді.

Ақпараттарға қарағанда, таңертең белгісіз біреулер станция аумағына кірген. Олар екі күзетшіні өлтіріп, тағы екі адамды соққыға жыққан.

Қарақшылар машина залында жарылғыш заттар орнатып, 5 минут сайын үш рет жарылыс жасаған. Төртінші жарылғышты оқиға орнына жеткен саперлер залалсыздандырды.

Тергеудің негізгі болжамы бойынша, бұл жарылыстар - террорлық акт. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыстарды сегіз бүлікші жүзеге асырған.

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG