Accessibility links

Бұрынғы диктатор Чаушеску мүрдесі эксгумацияланды


Бүгін Румыния билігі бұрынғы диктатор Николае Чаушеску мен оның әйелі Елена жерленген зиратта эксгумация жұмыстарын өткізді. Чаушескудің туған-туыстары диктатордың Бухарест қаласындағы Генча зиратында жерленгеніне күмән келтіріп отыр. Жұмысшылар табыттарды зираттан қазып алды, патологоанатомдар мүрделерден ДНК кескінін алды.

Румынияны 1965-1989 жылдары басқарған Чаушеску мен оның әйелі коммунистік төңкерістен кейін өлтірілген болатын.
XS
SM
MD
LG