Accessibility links

АҚШ Пхеньянға қарсы жаңа санкциялар енгізеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтон Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізеді деп мәлімдеді. Клинтонның айтуынша, бұндай шешім Оңтүстік Корея басшыларымен бірге өткізілген келіссөздер барысында қабылданды.

Клинтон мен АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс бүгін Оңтүстік Кореяға барды. Сол арқылы олар оңтүстіккореялық «Чхонан» корветіне жасалған шабуылдан кейін туындаған жанжалда Сеулге қолдау білдірді.

Оңтүстік Корея кеменің батуына Пхеньян кінәлі деп есептейді. Халықаралық тергеу корвет батқан орыннан Солтүстік Корея қолданатын торпедо қалдықтарын тапты. Төтенше оқиғадан 46 теңізші қаза тапты. Пхеньян айыптарды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG