Accessibility links

Бакиевтің жақтасы қырғыз билігіне өз еркімен берілді


Қырғызстан мемлекеттік күзет қызметі басшысының бұрынғы орынбасары өз еркімен билікке берілді.

Республика бас прокуратурасының «Интерфакс» агенттігіне хабарлауынша, Нұрлан Темірбаевқа Бішкектегі сәуір толқулары кезінде қызметін асыра пайдаланған, кісі өлтіру қылмысына қатысқан деген айыптар тағылды.

Сәуір толқулары кезінде ондаған адам қаза тапты. Көтеріліс барысында биліктен тайдырылған президент Құрманбек Бакиев Беларустан саяси баспана алды. Қырғызстанның жаңа билігі Бакиев пен оның жақтастарын көтерілісшілерді өлтіруге қатысы бар деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG