Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Қырғызстандағы этникалық өзбектердің жағдайына алаңдайды


Халықаралық медициналық және адам құқығын қорғау ұйымдары Қырғызстан оңтүстігінде этникалық өзбектер медициналық көмек алу, бұған қоса көрші Өзбекстаннан баспана іздеу мүмкіншілігінен айрылды деп хабарлады.

«Шекарасыз дәрігерлер» медициналық қайырымдылық ұйымы полиция күштері ауруханаға дәрігерлік көмек үшін келген адамдарды ұстап жатыр деп мәлімдеді.

«Хьюман Райтс Вотч» ұйымы қырғыз шекарасындағылар этникалық өзбектердің көрші Өзбекстаннан баспана іздеу құқығын орындамайды деп хабарлады.

Бұған дейін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Нави Пиллэй қырғыз полициясы елдің оңтүстігінде этникалық өзбектерді себепсіз ұстап, қинайтындығы туралы ақпарат бар деп мәлімдеген болатын.

Қырғызстанның Ош және Жалал-Абад облыстарында өткен айдағы ұлтаралық қақтығыстар барысында 300-ден астам адам қаза тапты, 400 мың адам босып кетті.
XS
SM
MD
LG