Accessibility links

Құқыққорғаушылар Қытай билігін айыптады


Халықаралық құқыққорғаушы Human Rights Watch ұйымы, 2008 наурыз айында Тибетте болған тәртіптісіздіктерді тоқтату барысында күш қолданған Қытай билігін айыптады.

Құқыққорғаушылардың мәлімдемесінде, Қытай қауіпсіздік күштері көтеріліс қатысушыларына қарсы оқ атқандығын растайтын куәгерлердің айтқандары жазылған. Одан өзге негізсіз тұтқындаулар да болған.

Тибетте Қытай билігіне қарсылық білдірген жаппай наразылық барысында кем дегенде 19 адам қаза болды. Қытай бұл тәртіпсіздіктерді Тибеттің рухани жетекшісі Далай-Лама ұйымдастырды деп айыптаған еді. Соңғысы бұл айыптарды мойындамай отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG