Алматы облысы Қаратал ауданында электр тарату желілерінің үзілуі салдарынан 5 ауылдың тұрғындары жарықсыз қалды. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сәрсенбі, шілденің 21-і күні түсте, Үштөбе-Көпбірлік автожолының 65-ші шақырымында қуаты 110 кВ-тық электр тарату желілері үзіліп, бағаналары құлаған.
Соның салдарынан Қаңбақты ауылдық округіне қарасты: Ақжар ауылының - 83, Ақиықтың - 14, Алмалының - 149, Дөңшінің 41 үйі мен Қызылбалық ауылдық округі Көпбірлік ауылының 176 тұтынушысы электр жарығысыз қалды.
«ТАТЭК» Акционерлік қоғамы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бүгін бастауды жоспарлап отыр.