Accessibility links

Пхеньян: АҚШ пен Оңтүстік Корея жаттығулары - аймаққа қауіпті


"Сеул мен Вашингтонның Жапон теңізінде әскери жаттығулар өткіземіз деген ойы аймаққа қауіпті" деді Ханойда қауіпсіздік бойынша өтіп жатқан форумда сөз алған Солтүстік Корея өкілі.

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен төрт күндік жаттығуларында 20 кеме, 200 ұшақ пен 8 мың әскери сарбаз қатысады деп хабарланып отыр.

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстің мәлімдеуінше, бірлескен жаттығулар осы жексенбіде, шілденің 25-і күні басталады.
XS
SM
MD
LG