Accessibility links

Facebook желісінің қолданушылары жарты миллиардқа жетті


Facebook интернет-ресурсын қолданушылар саны 500 миллионға жетті. Бұл - әлемнің әр төртінші тұрғыны Facebook-ке тіркелген деген сөз.

Бұл туралы сәрсенбі күні Калифорния штатындағы Пало-Альто қаласында әлеуметтік желінің негізін қалаушы 26 жастағы Марк Цукерберг мәлімдеді.

Facebook желісі 2004 жылы іске қосылып, төрт жылдан кейін оны қолданушылар саны 100 миллионға жетті. Соңғы екі жылда олардың саны тағы 400 миллионға өсті.
XS
SM
MD
LG