Accessibility links

Түрмелердегі медициналық қызмет денсаулық сақтау министрлігіне берілуі мүмкін


Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметін денсаулық сақтау министрлігіне беру мәселесі жыл аяғына дейін шешіледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Ерболат Ерімбетовтың айтуынша, Әділет министрлігі түрмедегілердің денсаулығына дұрыс қарау үшін медициналық бөлімшелерді денсаулық сақтау министрлігіне беруді тапсырды. Қазіргі таңда бұл ұсыныс үкімет қарауына шығарылды.

Ресми өкілдің хабарлауынша, сотталушылар арасында өлімнің көп болуы ВИЧ инфекциясы мен туберкулезге байланысты болып отыр.
XS
SM
MD
LG