Түркіменстанда мұсылман дінбасы Шири Гелдимурадов белгісіз жағдайлармен түрмеде қайтыс болды. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы түркімен қызметі хабарлады.
73 жастағы Гелдимурадов биыл сәуірдің 15-і күні үш баласымен бірге ұсталды деп хабарланды. Оның төртінші баласы ақпан айында «қаланың су ресурсын ұқыпсыз пайдаланды» деген айыппен үш жылға сотталды.
Сейсенбі күні Гелдимурадовтың денесі оның туған-туыстарына тапсырылды. Гелдимурадовтың нақты қашан өлгені белгісіз. Жақын достары оны саяси себептермен қудалады деп есептейді.