Accessibility links

Қытайда ұйғыр журналисіне қатысты сот болады


Қытайда шілденің 28-і күні ұйғыр журналисіне қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот өтеді. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі ұйғыр-америкалық қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады.

51 жастағы Гейрет Ниязовқа ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді деген айып тағылды. Ниязов батыс журналистеріне өткен жылы Үрімжідегі ұлтаралық қақтығыстардың туындау себептері туралы сұхбат бергені үшін істі болып отыр.

Шыңжың-Ұйғыр автономиялық аймағында 2009 жылы шілдедегі қақтығыстардан 200-ден астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG