Accessibility links

Ахмат Бакиевті Бішкек қаласында тергейді


Қырғызстан оңтүстігінде бейсенбіге қараған түні ұсталған Ахмат Бакиев тергеу ісі үшін Бішкекке жеткізіледі. Бұл туралы қырғыз полициясы хабарлады.

Ахмат - қырғыздың биліктен тайдырылған бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің бауыры. Ахмат Бакиевке мамыр айында Жалал-Абад облысында билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отыр.

Қырғызстан ішкі істер министрі Кубатбек Байболовтың хабарлауынша, Ахмат Бакиев пен оның бірнеше жақтастары Жалал-Абад облысында ұсталды. Олар қарсылықсыз берілді деп хабарланды.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG