Ақмола облысының Зеренді ауданында көне замандардың сарбазы жерленген қорым табылды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.
Қорым көне қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізу кезінде табылды. Тарихшы Талғат Ыбраевтың айтуынша, қорымның төбесі тастармен жабылған, ағаш діңгектермен қоршалған. Жартылай отырғызылып жерленген сарбаз қасына 15 жебесі бар теріден жасалған қорамсақ қойылған.
Тарихшылар бұл қорымды қола дәуірінің 4 мың жыл бұрынғы Петров кезеңіне жатқызады.