Accessibility links

Хиллари Клинтон Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон қауіпсіздік мәселесі бойынша бүгін Ханойда өтіп жатқан саммитте Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды. Клинтон Пхеньян аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұр деп тағы да мәлімдеді.

Осы аптада Клинтон АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар дайындап жатқандығы туралы хабарлаған еді. Бұндай шешімнің қабылдануына Оңтүстік Кореяның «Чхонан» әскери корветінің суға батуына қатысты халықаралық тергеу қорытындысы түрткі болды.

Халықаралық комиссия апат болған орында Солтүстік Корея қолданатын торпедо қалдықтарының табылуына сүйене отырып, бұл шабуылға Пхеньянның қатысы болуы мүмкін деген тұжырым жасады.

АҚШ-тың жаңа санкциялары Солтүстік Корея басшылығына қатысты болады. Олар Пхеньянның ядролық бағдарламасына қарсы енгізілген санкциялар негізінде дайындалады.
XS
SM
MD
LG