Accessibility links

Бүлінген мұнай құбырын жөндеушілерге қарай тропикалық дауыл келе жатыр


АҚШ үкіметі Мексика шығанағында тесілген мұнай құбырын бітеумен айналысып жатқан ондаған жұмысшыларды, кемелер мен құрылғыларды апат аймағынан алып кетуге тапсырма берді. Бұл аймаққа тропикалық дауыл келе жатыр.

Кемелерді эвакуация және құрылғыларды қайта орнату мұнайды бітеу жұмыстарын 12 күнге кешіктіреді деп хабарланды. Бірақ АҚШ үкіметі жұмысшыларды дауыл қауіпінен сақтау одан да маңызды деп шешті. Хабарларға қарағанда, құрылғыдағы ақауға орнатылған уақытша қақпақ мұнайды әлі біраз уақыт ұстап тұра алады.

Сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жылжыған "Бонни" тропикалық дауылы мұнай төгілген орынға сенбі күні жетеді деген болжам жасалды.
XS
SM
MD
LG