Accessibility links

Ахмадинежад: Медведев Иранға қарсы АҚШ насихатына қосылды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың айтуынша, Ресей президенті Дмитрий Медведев Теһранға қарсы шығып, Иранның ядролық бағдарламасы туралы өтіріктер таратып жүрген АҚШ-қа қосылды.

ИСНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмадинежад өткен аптада Иран ядролық қару дамытуға жақын қалды деп айтқан ресейлік әріптесі Медведевті Вашингтонның насихатына қосылып отыр деп айтты.

Иран өзінің ядролық бағдарламасы ядролық қару дамытуға бағытталған деген Батыстың айыптауларын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG