Грузияның жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетия жетекшілері Каракаста Венесуэла президенті Уго Чавеспен кездесті. Жұма күні Чавес өзінің Абхазия мен Оңтүстік Осетия жетекшілері Сергей Багапш пен Эдуард Кокойтымен өткен кездесулері екі аймақпен Венесуэланың байланыстарын дамыту тұрғысында өткенін айтты.
Чавес сондай-ақ Парагвай, Уругвай, Куба, Боливия, Экуадор, Бразилия және Аргентина сияқты Латын Американ елдерін Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарын тәуелсіз ел ретінде тануға шақырған.
Венесуэла бұл екі жікшіл аймақтың тәуелсіздігін мойындаған төрт елдің бірі. Онымен қоса, Ресей, Никарагуа және Тынық мұхитының кішкентай аралындағы ел Науру Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздігін қабылдаған.