Accessibility links

АҚШ адмиралы Пәкістанға барды


Құрама Штаттардың әскери жетекшілерінің бірі - адмирал Майк Маллен Пәкістанның әскери жетекшілерімен келіссөздер өткізу үшін Исламабадқа барды. Маллен ислам экстремистеріне қарсы күрес жүргізу турасында Пәкістанның армия жетекшісі Ашфақ Каянимен кездеспекші.

Жұма күні Пәкістанға көрші Үндістанда болған сапарында АҚШ адмиралы Пәкістан жерінде көптеген орындардың экстремистер қолында қалып отырғанына өзінің қатты алаңдаулы екенін білдірді. Атап айтқанда, Солтүстік Вазиристандағы Хаккани тобының жауынгерлері әл-Қаида ұйымымен байланысты деді Маллен.
XS
SM
MD
LG