Бүгін Ауғанстанның шығысында хабарсыз кеткен екі американдық әскерді іздеу шаралары жалғасып жатыр. НАТО-ның халықаралық қауіпсіздік күштері таратқан мәлімдемеде, із-түзсіз кеткен әскерилер жұма күні кешкісін өз базаларынан шығып, содан оралмағаны айтылған.
Олардың көлігі Кабулдың оңтүстігіндегі Логар провинциясынан табылды. Талибан өкілі бұл сарбаздардың жоғалуына бүлікшілерінің қатысы барлығын жоққа шығарып отыр. Алайда осының алдында олар екі әскер туралы ақпарат құралдарына мәлімет таратқан.