Accessibility links

Иранда өлім жазасына кесілген әйелді қолдаған шерулер өтті


Әлемнің бірқатар елдерінде Иранда еріне опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасына кесілген Сакинех Мохаммади Аштианиге қолдау танытқан шерулер өтті.

Құқық қорғаушы топтар Бразилия, Британия, Франция, Грузия, Германия, Италия және Швеция сияқты әлемнің 32 елінде наразылық шарасын өткізді.

Аштианиді таспен атып өлтіру жөнінде үкім шыққан болатын. Бірақ АҚШ, Еуропа Одағы мен халықаралық құқық қорғаушы ұйымдардың дабылынан кейін ол үкімді орындауды кейінге қалдырған. Алайда оның үкімі әлі күшін жойған жоқ. Иранның сот жүйесі жақын күндері оның ісін қайта қарайтын болады.
XS
SM
MD
LG