Accessibility links

Талибан АҚШ әскерінің мәйітін тұтқындарға айырбас ретінде ұсынды


Бүгін Ауғанстанның аймақтық басшыларының хабарлауынша, Талибан өкілі бүлікшілер торуылына түсіп, қаза тапқан Америка әскерінің мәйітін қамаудағы бүлікшілерге айырбас ретінде ұсынып отыр.

Associated Press ақпарат агенттігінің жазуынша, Логар провинциясының басшысы Абдул Уали бұл ұсыныс делдалдар арқылы жасалды деген. Бұл мәйіттің жұма күні кешкісін жоғалып кеткен америкалық сарбаздікі екендігі хабарланып отыр.

НАТО-ның халықаралық қауіпсіздік күштері таратқан мәлімдемеде, із-түзсіз кеткен әскерилер жұма күні кешкісін өз базаларынан шығып, содан оралмағаны айтылған. Олардың көлігі Кабулдың оңтүстігіндегі Логар провинциясынан табылды.
XS
SM
MD
LG