Accessibility links

Ингушетияда екі күдікті атып өлтірілді


Ресейдің Кавказ аймағы Ингушетияның Шешенстанмен шекаралас үлкен жолында бүлікші деген күдікпен екі адам атып өлтірілді. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Хабарларға қарағанда, Назран аймағындағы полиция қауіпсіздік тексерулері бойынша олардың көліктерін тоқтатпақ болғанда бүлікшілер оқ ата бастаған.

Қауіпсіздік күштерінің өкілі айтқандай, көліктегілер полицияның оғынан қаза тапқан. Олар полиция мен бейбіт тұрғындардың өліміне жауаптылар деп күдіктелген.
XS
SM
MD
LG