Accessibility links

Түркияда Иран мен Бразилияның ядролық отын алмастыру келіссөздері өтті


Бүгін Стамбулда Түркия, Иран және Бразилия сыртқы істер министрлері кездесіп, Теһранның ядролық бағдарламасын реттеуге бағытталған ядролық отын алмастыру келіссөздерін өткізді.

Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглы бразилиялық әріптесі Селсо Амориммен кездесіп, одан кейін оларға ирандық сыртқы істер министрі Манучир Моттаки қосылды.

Түркия сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, Анкара Иранның ядролық бағдарламасын дипломатиялық жолмен реттеуге күш салады делінген.
XS
SM
MD
LG