«Astana» командасының көшбасшысы Альберто Контадор кеше, шілденің 25-і күні Парижде Елисей алқаптарында аяқталған әлемдік «Тур де Франс» жарысында жеңімпаз атанды.
Жалпы есепте жеңіске жеткен Контадор «Тур де Франс - 2010» веложарысының ең тұрақты шабандозы атанып отыр.
Бұл - испандық велошабандоздың «Тур де Франс» жарысындағы үшінші жеңісі. Бұған дейін ол мұнда 2007 және 2009 жылдары жеңімпаз атанған-тын.
Бас жіктелімде Контадорға 39 секунд есе жіберген люксембургтық Энди Шлеек (швейцарлық «Saxo Bank» командасы) екінші орынды иеленсе, 2 минуттан астам есе жіберген ресейлік Денис Меньшов (голландиялық «Rabobank» командасы) үшінші орынды қанағат тұтты.