Accessibility links

"Бритиш Петролеум" басшысының отставкасы қаралады


Бүгін ВР компаниясының директорлар кеңесі компания басшысы Тони Хейвордтың қызметінен кетуін талқылайды. Хейвордтың отставкасы Мексика шығанағындағы апаттан кейін компания беделінің қалпына келуіне септігін тигізуі мүмкін.

Дүйсенбі күнгі өтетін отырысқа шығанақтағы апат салдарын жою барысында компанияның шығыны туралы есеп-қисап дайындалған. Алдына ала ақпараттар бойынша бұл мақсатта ВР 30 миллиард доллар жұмсаған.
XS
SM
MD
LG