Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен жаттығу өткізіп жатыр


АҚШ пен Оңтүстік Корея Корея түбегінің жағалауы маңында сүңгуір соғыс қайықтарына тойтарыс беретін бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр.

Жаттығуға 20 соғыс кемесі, 200 соғыс ұшағы және 8 мыңдай әскери теңізші қатысу үстінде.

Бұл жаттығу оңтүстіккореялық «Чхонан» соғыс кемесін торпедо зымыранымен суға батыруға есе қайтару ретінде ұйымдастырылды. Кеменің суға батуына Солтүстік Корея жауапты саналып отыр.

Ресми Пхеньян кек қайтару үшін тіпті ядролық күштерін қолданудан да тайынбайтынын ескертіп, жаттығу өткізуге табанды түрде қарсы шықты және жаттығуды «арандатушылық» деп бағалады.

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның Жапон теңізінің халықаралық суындағы бірлескен жаттығуы 28 шілдеге дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG