Accessibility links

Киевте ұлтшылардың белсенділері ұсталды


Киевте милиция Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилдің сапарына қарсы наразылыққа шыққан «Свобода» ұлттық ұйымының 8 белсендісін ұстады.

Жергілікті тілшіміз хабарлағандай, белсенділер София шіркеуіне жақын тұста театрландырылған қойылымын көрсетпек болған кезінде ұсталды.

Киевтегі қасиетті орындардың бірі саналатын бұл шіркеуге орыс православие шіркеуінің басшысы бас сұғып үлгерді.

Украина ұлтшылдары мен Украинаның халық партиясы өкілдерінің осы алаңда наразылық өткізуіне тәртіп сақшылары мүмкіндік бермеді.

XS
SM
MD
LG