Accessibility links

Франция өз азаматының өлімін жауапсыз қалдырмайды


Дүйсенбі күні француз президенті Николя Саркози Ислам Магрибіндегі «Әл-Қаида» тобының тұтқынында кепілдікте отырған француз азаматы 78-жастағы француз қызметкері Мишель Жерманоны 24 шілде күні өлтірлгенін растады.

Одан бұрын француздың өлтірілгенін «Әл-Жазира» телеарнасынан «Әл-Қаида» тобының солтүстікафрикалық бөлімінің көсемі Мусаб Абдул Вадуд хабарлаған болатын.

Экстремистер мәлімдегендей, бұл – Мавритания мен Франция жауынгерлерінің таяуда Мали аралындағы «Әл-Қаида» бекінісіне шабуыл жасауына «кек қайтару актысы» болды. Ол кезде «Әл-Қаиданың» 6 мүшесі оққа ұшқан болатын.

Жермононың қазасына байланысты Франция президенті Николя Саркози қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын министерлердің төтенше мәжілісін шақырып, француз азаматының өлімін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG