Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында өртте төрт адам қаза тапты


Шығыс Қазақстан облысында өртте төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт шілденің 26-сынан 27-сіне қараған түні Зырян қаласындағы Бауман,105 мекен-жайында орналасқан жекеменшік үйден шыққан. Жалынның жайылған аумағы 68 шаршы метрді құрады. Отты сөндіру барысында құтқарушылар 36 және 31 жастағы екі адам мен тұлғасы анықталмаған тағы бір азаматтың денелерін тапты. Тілсіз жау 2 сағатқа жуық уақыттан кейін ауыздықталды.

Сондай-ақ осы түні сағат 2.30-да, Риддер қаласына жақын орналасқан Жоғарғы Хариузовка кентіндегі екі қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаты жанды. 35 шаршы метр аумаққа жайылған жалынды сөндіру барысында 68 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

«Бес адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт ШҚО бойынша өртке қарсы қызметінің күшімен таңғы сағат 6 жарымда ауыздықталды», деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG