Accessibility links

Ақтөбе облысында далалы алқаптағы ірі өрт сөндірілді


Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғындары далалы алқаптың 6 мың гектардан астам аумағына жайылған ірі өртті, жергілікті тұрғындар өз күштерімен ауыздықтады.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, өрт шілденің 25-і күні түс ауа Хромтау ауданына қарасты Көпен ауылдық округінің Бажыр өңірінен шыққан.

Тілсіз жаумен Көпен және Құдықсай ауылдық округтерінің тұрғындары бір жарым күн бойы күресіп, оны 6050 гектар аумақта толығымен сөндіре алды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, дейді министрлік.
XS
SM
MD
LG