Accessibility links

Кот-д'Ивуар соты үш журналистті босатты


Кот-д'Ивуар соты, мемлекеттік жемқорлыққа қатысты құжаттарды ұрлады және жариялады деп айыпталған үш журналистті тұтқындау туралы шешімді өзгертті.

Сот, темір тордың орнына журналистерге 10 мың доллар көлемінде айыппұл төлеу және екі аптаға дейін өз басылымдарында жарияланбау туралы үкім шығарды. .

Репортерлер сотта какао индустриясындағы жемқорлыққа қатысты ақпарат берген дерекөзді атаудан бас тартты.

Какао өндірісінің 20 жоғары лауазымды шенеуніктері екі жыл бұрын тұтқындалып, әлі күнге дейін соттың шешімін күтіп отыр.

XS
SM
MD
LG