Accessibility links

Сербия парламенті Косовоға қатысты резолюция жобасын қолдады


Сербия парламенті 12 сағаттық пікірталастан кейін, үкіметтің БҰҰ Бас Ассамблеясынан Косовоның мәртебесіне қатысты мәселенің тағы да талқылануы туралы ұсынысын қолдады.

2008 жылы Косово өзін тәуелсіз мемлекет деп жарияланғандығы халықаралық талаптарға қайшы келмейді деп тапқан Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотының шешімінен кейін Сербияның халықтық скупщинасы дүйсенбі күні шұғыл жиын өткізді.

Белград сот шешімімен келіспейтіндігін айтып, Сербияның бір тұтастығы үшін әлі де күресетіндігін мәлімдеді.

Сербия билігі Косовоға қатысты резолюция жобасын БҰҰ-ға тапсыруды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG