Accessibility links

Канада Иранға қарсы санкцияларды күшейтті


Канада билігі Иранның ядролық бағдарламасына қарсы жаңа санкцияларды бекітті. Санкциялар сауда, энергетика және банк секторына қатысты болады. Канада сыртқы істер министрі Лоуренс Кэннонның айтуынша, Иранның мұнай-газ өндіру және өңдеу кәсіпорындарына инвестиция салуға тыйым салынды.

Ираның МАГАТЭ-дегі өкілі Али Асгар Солтание шілденің 26-сы күні Иран өзінің ядролық зерттеу реакторы үшін отын алмасу туралы халықаралық келіссөздерге дайын деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG