Accessibility links

Марадона бас жаттықтырушылықтан кетті


Диего Марадона Аргентинаның футбол құрамасының бас жаттықтырушылығынан кетті. Аргентинаның Футбол қауымдастығының атқару комитеті онымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Марадона дүйсенбі күні Аргентина Футбол қауымдастығының президентімен кездесіп, екі сағатқа созылған әңгіме барысында өткен әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшыраған құраманың жетекшілігіндегі жұмысты жалғастырудың мүмкіндігін талқылаған болатын.

Марадонаның төңірегіндегілердің айтуыша, ол өз ассистенттерінің арасында ауыстырулар жүргізу туралы ұсыныспен келіспеген. Бұған дейін де Марадона, егер барлық көмекшілері өз орындарында қалса ғана, жаттықтырушылықта қалатынын мәлім еткен еді.

Айта кету керек, Оңтүстік Африкада әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина құрамасы немістерден 0:4 есебімен ойсырай жеңілген болатын.
XS
SM
MD
LG