Accessibility links

Әуе апатынан қаза тапқандар саны 90-нан асты


Пәкістандағы әуе апатынан қаза тапқандар саны 90-нан асты деп хабарлады «Рейтер» агенттігі. Исламабад маңында апатқа ұшыраған жолаушы ұшағының бортында 152 адам болған. Аман қалған алты жолаушы қиранды астынан шығарылды.

Пәкістандық "Airblue" әуекомпаниясының "Airbus 321" жолаушы ұшағы Карачи қаласынан Исламабадқа ұшып келе жатқанда апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған кезде бұл ауданда нөсер жаңбыр жауып тұрды деп хабарланды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Пәкістан билігі бүгін елде азалы күн жариялады.
XS
SM
MD
LG