Accessibility links

Каталония корридаға тыйым салды


Испанияда Каталония аймағының парламенті корридаға тыйым салу туралы заң жобасын қабылдады. Депутаттардың 68-і заң жобасын қолдап дауыс берді, 55 депутат қарсы шықты.

Заңның парламентте талқылануына 180 мың каталондықтың қолы қойылған петиция түрткі болды. Олар бұқалармен жекпе-жекті қатыгез, қазіргі заманға сай емес және жануарлар құқын бұзатын ойын деп бағалады. Заңды талқылау барысында дәстүрлі коррида бәсекесін қызықтаушылар соңғы жылдары азайып бара жатқандығы айтылды.

Корриданы жақтаушылар бұл ойын испандықтардың сақталуы тиіс ұлттық салт- дәстүрлерінің бірі деп есептейді.
XS
SM
MD
LG