Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуы аяқталды


АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерлерінің Жапон теңізіндегі төрт күндік бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды. Оған 20 кеме және 8 мың сарбаз қатысты.

Бірлескен оқу-жаттығу Солтүстік Кореяға сес көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Сеул мен Вашингтон оңтүстік кореялық «Чхонан» корветінің суға батуын Пхеньяннан көріп отыр. Солтүстік Корея бұл айыптарды жоққа шығарды және екі мемлекеттің бірлескен әскери жаттығуларын сынға алды.
XS
SM
MD
LG