Accessibility links

Пәкістандағы әуе апатынан ешкім тірі қалмады деп хабарланды


Исламабад қаласынан екі шақырым жерге құлаған жолаушы ұшағындағылардың ешқайсысы тірі қалмауы мүмкін. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі пәкістандық шенеунікке сілтеме жасап хабарлады. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 152 адам болды.

Қаза тапқандардың арасында екі АҚШ азаматы бар.

Пәкістандық "Airblue" әуекомпаниясының "Airbus 321" жолаушы ұшағы Карачи қаласынан Исламабадқа ұшып келе жатқанда апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған кезде бұл ауданда нөсер жаңбыр жауып тұрды деп хабарланды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Пәкістан билігі бүгін елде азалы күн жариялады.
XS
SM
MD
LG