Accessibility links

Қаржы полициясы KazakhGold акционерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғады


Қазақстанның қаржы полициясы KazakhGold компаниясының жарғылық пакетін заңсыз меншіктеу фактісі бойынша оның акционерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы «ҚазТАГ» агенттігі қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайға сілтеме жасап хабарлады.

Қаржы полициясы өкілінің айтуынша, қылмыстық іс шілденің 14-і күні "Қанат Асаубаев пен оның екі баласы – Айдар мен Бауыржанның 187 миллион доллар тұратын акцияларын заңсыз жолмен меншіктеу фактісі бойынша қозғалды».

Бұған қоса, Жұманбай бұл іс бойынша әзірге айып тағылған жоқ, тергеу жүріп жатыр деп хабарлады.

KazakhGold акцияларының 50,1 пайызына ие ресейлік «Полюс Золото» маусым айының соңында Лондондағы Жоғарғы сотқа Kazakhgold компаниясының бұрынғы басшыларына қарсы азаматтық шағым түсірді. Компания оларды мекеме қаржысын ұрлады деп айыптап, жауапкерден 450 миллион доллар талап етіп отыр. Сот процесі - кезінде KazakhGold компаниясы басшылығы құрамында болған Асаубаевтар отбасының бес мүшесіне қатысты.

KazakhGold директорлар кеңесінің бұрынғы атқарушы төрағасы Қанат Асаубаев пен директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Айдар Асаубаев бұл айыптарды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG