Accessibility links

Оңтүстік Корея премьері қызметінен кетуі мүмкін


Бүгін, Оңтүстік Корея министрлер кабинетінің басшысы Чон Ун Чхан өзінің отставкаға кетуі туралы мәлімдемек.

Корея ақпарат құралдарының хабарлауынша, осылайша премьер Чхунчхондо провинциясында іскерлік қала салу жоспарының жүзеге аспай қалғандығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып отыр.

Үкіметтің іскерлік қала салу туралы заң жобасын бұдан ертеректе Кореяның ұлттық ассамблеясы кері қайтарған еді.

2009 жылдан бері премьер министр қызметін атқарған Чон Ун Чханның кандидатурасын Корей президенті Ли Мён Бак ұсынған-тын.
XS
SM
MD
LG