Accessibility links

Хамид Карзай құпия мәліметтердің жариялануын сынады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай құпия құжаттардың жарияланып кетуін сынап, Wikileaks сайтында берілген мәліметтер ақпарат беруші ауғандықтардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді. Кабулде сөйлеген сөзінде Карзай құпия құжаттардың жариялануын «асқан жауапсыздық» деп бағалады.

Wikileaks сайты осы аптада 2004-2009 жылдар аралығын қамтитын 90 мыңнан астам америкалық әскери құжаттарды жариялады. 15 мың құжатта НАТО барлау қызметіне мәлімет берген ауғандықтардың есімдері келтірілген.
XS
SM
MD
LG