Accessibility links

Ирақтағы жарылыстардан төрт сарбаз қаза тапты


Ирақта бейсенбі күні тіркелген жарылыстан төрт сарбаз қаза тапты, 22 адам жараланды.

Елдің солтүстігіндегі Салахеддин провинциясында орналасқан Әл-Шаркат әскери базасына жасалған шабуыл кезінде бүлікші жарылғыш тиелген көлікті жарып жіберді. Үш сарбаз қаза тапты, 12 адам жараланды.

Төртінші сарбаз Ирақ орталығындағы Фаллужа қаласында жасалған екі жарылыс кезінде қаза тапты.
XS
SM
MD
LG