Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінде Арал проблемасы көтерілді


Аралды құтқару халықаралық қорының атқарушы директоры Сағит Ибатуллин Орталық Азия мемлекеттерін Арал теңізі бассейніне төніп тұрған экологиялық қауіппен бірге күресуге шақырды. Ибатуллин бүгін Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінде сөз сөйледі.

Қор төрағасы Орталық Азиядағы Арал проблемасының аса күрделі екендігіне тоқтала келе, теңіз 1961 жылғы деңгеймен салыстырғанда 17 пайызға құрғады, оның суы 9 пайызға кеміді деп атап көрсетті.

Бұған қоса Ибатуллин аймақта саяси жүйенің өзгеруі, атап айтқанда совет одағының ыдырауы Орталық Азияда сумен қамтамасыз ету жүйесінің құлдырауына әкеп соқтырды деп мәлімдеді. Оның пікірінше, аймақ мемлекеттері арасында су бәсекесі алдағы уақытта күшейе береді.
XS
SM
MD
LG