Accessibility links

Иран әлемдік державалармен келіссөздер өткізуге дайын


Иран бірнеше күннен кейін АҚШ, Ресей және Франциямен өзінің уран шикізатын шала байытылған уранға айырбастау туралы келіссөздер бастауға дайын.

Бұл туралы бүгін Иран атом энергетикасы ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи мәлімдеді. Бұған қоса ол Теһранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсаттарды көздейді деп тағы атап көрсетті.

Батыс көшбасшылары Ираннан уран байытудан бас тартуын талап етіп келеді. Олар Теһранды ядролық қару жасап жатыр деп айыптады.

Теһранмен келіссөздер әзірге тоқтап тұр. Иранға қарсы халықаралық санкциялар енгізілді.
XS
SM
MD
LG