Accessibility links

Чавес Венесуэла жасақтарын Колумбия шекарасына жіберді


Венесуэла президенті Уго Чавес өзінің ел жасақтары мен әуе күштерін жағдай шиеленіскен көрші елмен шекараға жолдағанын айтты.

Чавес ол әскерлердің саны туралы ештеңе айтпады. Бірақ ол өзінің бәсекелесі Колумбияның кетіп бара жатқан президенті Альворо Урибе Венесуэлаға шабуылдауы мүмкін деп осындай шешімге келгенін айтты. Колумбия ресмилері алдында бұл елдің Венесуэлаға шабуылдау жоспары жоқ екенін айтқан.

Венесуэла АҚШ-тың одақтасы Колумбиямен дипломатиялық байланыстарын шілденің 22-інен кейін үзді. Оған Урибе үкіметі колумбиялық жікшілдерге Венесуэла баспана беріп отырғаны жайлы суреттер мен видео көрсетуі себеп болды. Венесуэла Колумбия бүлікшілер туралы жала жауып отыр деді.
XS
SM
MD
LG